Қазақстан мен Түркия кедендік бақылауды жетілдіруде тиімді тәжірибемен алмасатын болды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Түркия кедендік бақылауды жетілдіруде тиімді тәжірибемен алмасатын болды

Қазақстан мен Түркия кедендік бақылауды жетілдіруде тиімді тәжірибемен алмасатын болды

Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Елшісі Жансейіт Түймебаев Түркия Республикасының Кеден және сауда министрі Нуретдин Жаниклимен кездесуі өтті. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 12 Ақпан 2015
  • 555
Фото - Caravan.kz

Ж. Түймебаев сұхбаттасын қазақ-түрік ынтымақтастығының нығаюына жаңа серпін беруге мүмкіндігі бар «Нұрлы жол» экономикалық саясатының негізгі қағидаларынан хабардар етті.

Тараптар Қазақстан мен Түркия арасындағы қарым-қатынастардың жоғары деңгейде екенін атап өтіп, екіжақты тауарайналымын көтеру үшін екі елдің әлеуетін пайдалануда бар күшін салуға әзірлігін білдірді. Осы орайда екі елдің кеден қызметтері сыртқы экономикалық бағытындағы жұмысты ілгерілетуге қолайлы жағдай жасау және кедендік бақылауды жетілдіруде тиімді тәжірибемен алмасатын болды.

Ж. Түймебаев өткен жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасы, Түркіменстан және Иран Президенттерінің қатысуымен үш елдің аумағынан өтетін «Өзен-Берекет-Гөрган» жаңа халықаралық теміржол желісінің ашылуынан хабардар етті. Аталған бағыт пен Баку-Тбилиси-Карс теміржол жобасының Қазақстаннан Түркияға жүк тасымалының көбеюіне, яғни екі елдің өзара саудасына да оң септігін тигізетіні айтылды.

Өз кезегінде Н. Жаникли жақын арада ҚР мен ТР Елбасыларының қатысуымен Жоғары деңгейлі Стратегиялық ынтымақтастық кеңесі екінші отырысының өткізілуімен қатар, ТР Президенті Р.Т.Ердоғанның Қазақстанға сапарының жоспарланып отырғанын айтты. Осыған орай, оның ведомствосы «Жаңа синергия» атты бірлескен экономикалық бағдарламаны жүзеге асыру аясында екі елдің арасындағы сауда ынтымақтастығын одан әрі нығайту бойынша белсенді жұмысты жүргізіп жатқанын жеткізді.

Түрік министрі: «Мен «Қазақстан-Түрікменстан-Иран» және «Баку-Тбилиси-Карс» теміржол желілері жұмысының басталуынан кейін, Қазақстан мен Түркия арасындағы өзара тауар айналымының бірнеше есе көтерілетініне кәміл сенемін», — деп түйіндеді.


Сонымен қатар, Н. Жаникли тауарлар мен жүк көліктерінің сканерден өту жылдамдығының екі есе қысқаруына септігін тигізген автокөлік бекеттерінің заманауи инспекциялық-тексеру кешендерімен жабдықтанғанын жеткізе отырып, Түркияның кедендік бақылау қызметтеріндегі жаңалықтар туралы хабарлады. Оған қоса, Түркияның кедендік қызметі бақылау бекеттеріндегі барлық мемлекеттік бақылау түрлерінің бір жерде және бір адаммен орындалуын қамтамасыз етуді көздейтін «бір аялдама» жобасын іске қосып отырғанын атап өтті.