СҚО-да шаруа қожалықтары балаларға жүзу бассейнін салып берді - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
СҚО-да шаруа қожалықтары балаларға жүзу бассейнін салып берді

СҚО-да шаруа қожалықтары балаларға жүзу бассейнін салып берді

Солтүстік Қазақстан облысының ең шалғай ауданында жүзу бассейні пайдалануға берілді. Хауызды жергілікті шаруа қожалықтарының иелері бірлесіп салыпты. Енді бұл нысанды олар Ғабит Мүсірепов аудандық білім бөліміне сыйға тартпақшы. Балалар қазірден-ақ оның қызығын көріп жатыр. Мұнда ересектерге де орын бар.

  • 13 Ақпан 2015
  • 213
Фото - Caravan.kz

Мұндай бассейн аудан тұрғындары үшін бұрын орындалмас арман еді. Енді, міне, жаз бойы Есілдің суынан шықпайтын балалар қыста да жүзуден қол үзбейтін болды.

Рүстем Өсіпов, оқушы:

Жазда біз Есілге түсеміз. Қыста су қатып қалғанда, біз мектептен келіп, үйде тамақ ішіп алып мында келеміз бассейнге.

Бұл нысанды осындағы отызға жуық шаруа қожалықтары бірлесіп салған. Құрылысқа 100 миллион теңгедей жұмсалыпты. Қазір нысанды  аудандық білім бөлімінің балансына беру үшін құжаттар рәсімделіп жатыр. Петропавлдан арнайы шақыртылған жаттықтырушының да баспана және басқа да мәселелері шешіліпті.

Константин Шамбер, Ғ.Мүсірепов аудандық балалар мен жасөспірімдерге арналған сауықтыру орталығының директоры:

-Әсіресе, сенбі, жексенбі күндері халық көп келеді. Оларды топқа бөліп кіргіземіз. Арасында бір сағат үзіліс алып, бассейнді тазалаймыз. Суын ауыстырып, арнайы химиялық затпен дәрілейміз.

Ұзындығы 25 метр болатын хауыз кәсіби спортпен айналысуға да мүмкіндік береді екен. Сондықтан нысан басшылығы осындай арнайы топ ашпақшы. Ал мүгедектер мен тұрмысы төмен отбасылардың балалары  мұнда тегін жаттығады. Өзгелер үшін бір айлық абонементтің құны 4500 теңге.