Теміртауда екпеден соң студенттер естерінен танып құлады - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Теміртауда екпеден соң студенттер естерінен танып құлады

Теміртауда екпеден соң студенттер естерінен танып құлады

Теміртауда қызылшаға қарсы екпеден кейін 18 студент ауруханадан бір-ақ шықты. Көбі вакцина жасалған соң өздерін жайсыз сезініп дәрігер шақыртса, кейбірі естерінен танып құлаған. Ауруханаға түскен студенттердің ата-аналары егу жұмыстарының салдары жөнінде ескертпеген дәрігерлерді кінәлауда. Алайда мамандар бұл ағзаның қалыпты реакциясы дейді.

  • 13 Ақпан 2015
  • 258
Фото - Caravan.kz

Қарағанды облысында қызылшаға қарсы жоспарлы егу жұмыстары Теміртаудағы медицина колледжінен басталған. Онда тәлім алатын 178 оқушыға екпе салыныпты. Алайда айналасы 1-2 сағатта өздерін жайсыз сезінгендер мен талып құлағандарға жедел жәрдем шақыртуға тура келді.

Нұрсейіт Мамалинов, студент:

-Екпе салып біткеннен кейін балалар талып қалып жатты.  Үйге келгеннен кейін түнгі сағат 12-ден кейін қатты ауырдым. Содан кейін жедел-жәрдеммен алып кетті.

Ата-аналарының айтуынша, егу жұмыстарын жүргізер алдында дәрігерлер балалардың денсаулығына да мән бермеген. Яғни олардың кейбірі тұмауратып тұрса, басқаларының түрлі аллергиялық аурулары болған екен.

Раушан Әбілова, Теміртау қаласының тұрғыны:

-Кәмелетке толмаған балаларға екпе жұмысын жүргізу үшін рұқсат сұрамаушы ма еді? Рұқсатсыз апарып екпе жасауға кім жол берді. Баламның денсаулығына алаңдап ауруханада отырмын міне. Мән-жайды түсіндіруге де жарымады ешкім.

Дегенмен, дәрігерлер қызылшаға қарсы екпе алғандардың 10-15 пайызының ағзасында ауытқулар байқалатынын айтады. Бұл дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы берген анықтама екен. Үнді елінде шығарылған вакцинаны 2016 жылға дейін қолдануға жарайды. Ал ата-аналарды ескертуді ұмытып кеткен оқу орнының өзі көрінеді.


Ержан Нұрлыбаев, Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

-Колледж басшылығы тарапынан осындай салғырттық болғанына көзіміз жетті. Енді біз егу жұмыстары бойыша ата-аналарды құлақтандыру міндетін өз мойнымызға аламыз.

Қазір ауруханадағы 18 оқушылардың хәлі тәуір. Оның 17-сі бүгін шығарылса, 1 оқушы бірер күн қадағалауда болады делінді. Бірақ ата-аналар прокуратураға шағымданамыз деп отыр.