Алматы облысында бірнеше ауылды су басты - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында бірнеше ауылды су басты

Алматы облысында бірнеше ауылды су басты

Алматы облысында күннің күрт жылынуынан қызыл су көтеріліп, екі бірдей елді-мекенді басып қалды. Зардап шеккен Көксу ауданына қарасты Ақын Қалқа және Қаражиде ауылдары. Мұнда жаңбыр мен еріген қар суы ондаған үйдің ауласын шайған.

  • 14 Ақпан 2015
  • 330
Фото - Caravan.kz

Куәгерлердің айтуынша, тасқын түнде болған. Кеше жауған нөсер жауынға еріген қар суы қосылып, ол кәдімгі өзенге айналыпты. Салдарынан аталған ауылдардың тұрғындары біраз әбігерге түсті. Төтенше жағдай департаменті таратқан мәліметтерге сенсек, су тасқынынан үйлерге зақым келмеген. Соңғы бірер күнде бұл өңірдегі ауа температурасы +10 градусқа дейін көтеріліп, нөсер жаңбырдың арты қарға ұласқан еді. Салдарынан енді Алматы облысының таулы аймақтарында қар көшкіні болуы мүмкін. Ал Ақын Қалқа және Қаражиде ауылдарындағы жағдай толық қалпына келтірілді деп сендірді облыстық төтенше жағдайлар қызметі.

Гүлмира Сейдахметова, Алматы облыстық ТЖД маманы:

-Ауылдағы жағдай 1 сағат ішінде қолға алынып, біздің төтенше жағдай қызметкерлері 12-нен 13-не қараған түні барлық жұмыстарды қалыптарына келтірді. Тасып кеткен ауылға кірген судың бәрін басқа бөгетпен ағызып, ол жерлерге дамбалар орнатылды. Ауылдағы үйлерге ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.