Өскеменде жалғыз әйел жұртты алдап 200 млн-ды қолды қылған - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өскеменде жалғыз әйел жұртты алдап  200 млн-ды қолды қылған

Өскеменде жалғыз әйел жұртты алдап 200 млн-ды қолды қылған

Өскеменде 30 адам алаяқтың арбауына түсті. 50 жастағы әйел аз ғана уақыт ішінде заңсыз жолмен 200 миллиондай теңгені қалтасына басқан. Жұрт оның «арзан бағаға пәтер сатылады» деген жарнамасына сеніп қалыпты. Адамдардың көздері байланғаны сонша, әлгі әйелге миллиондаған теңгелерін ойланбай ұстата салған.

  • 17 Ақпан 2015
  • 229
Фото - Caravan.kz

Жасы 70-тен асқан Галина Левина газеттердің біріне шыққан хабарламаға көзі түсіп, арзан пәтерге қол жеткізбек болыпты. Риэлторлық қызмет көрсетем деген әйел оған орталықтан 3 бөлмелі баспананы небары 5 жарым миллион теңгеге алып берем деп, ақыры сан соқтырған.

-2 қабатта орналасқан пәтерді көрсетті. Бірден ұнады. Алуға асықтым. Енді үй да жоқ, ақша да жоқ. Отырмын.

Кейін анықталғанындай, оның құрығына кем дегенде 30 адам іліккен. Барлығы еш іркілместен, әйелдің қолына миллиондап ақша ұстатыпты. Көбі арзан баға дегенге алданып, бар мүлкін сатқан. Енді арыз құшақтап, полиция табылдырығын тоздырумен жүр.

Дүйсенбек Шыбынтаев, жәбірленуші:

-Мен оған 8 миллион 780 мың ақша бердім,.3 бөлмелі пәтер алып берем деген. Алаяқ алдап кетті. 5 жасар балам мен әйеліммен далада қалдым.

50 жастағы күдікті әйел қазір қамауға алынды. Өзінің «кәсібін» ол 3 жыл бұрын бастаған екен. Жәбірленушілермен келісімді нотариус арқылы жасатқандықтан, ешкім заңсыздықты байқамай, бейқам жүрген. Ақыры ақша да, уәде етілген баспана да болмаған соң, арыз түсіріпті.

Бақытжан Торғаев, ШҚО ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:

-Біз ойлаймыз әлі де полиция органдарына бұл азаматшаның алаяқтық іс-қимылынан жапа шеккендер шағымданатын болады. Қазіргі уақытта негізгі бағыт – полиция қызметкерлерінің азаматтардың алаяқтықтан жоғалтқан ақшаларын тауып беру.

Бір айтары, тінту кезінде күдіктінің үйінен бір тиын да табылмапты. Ал жәбірленушілердің күннен-күнге көбейіп бара жатқанына қарай, келтірілген шығын 200 миллион теңгеге жуықтайды деп бағалануда. Енді ол 10 жылға дейін бостандық көрмеуі мүмкін.