Ақтөбеліктер Орынбордың арзан тауарларын талап алып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеліктер Орынбордың арзан тауарларын талап алып жатыр

Ақтөбеліктер Орынбордың арзан тауарларын талап алып жатыр

Арзан дүниеге қызыққан ақтөбеліктер Орынборға әлі ағылып жатыр. Сол себепті қазір екі елдің шекарасында ұзын-сонар көлік кезегі.

  • 17 Ақпан 2015
  • 214
Фото - Caravan.kz

Тұрғындар жұмыс күні аяқталысымен Ресейдегі көршілес облысқа аттануды әдетке айналдырған. Мына бейнекөріністі жұма күні түсіріп алған жігіттің айтуынша, «Жайсаң» бекетінде екі жүзден астам көлік кептелісте болған. 7-8 сағат бойы қаңтарылып тұрған олар Орынборға өтпекші. Көпшілігі рубль құнсызданғалы арзан бағаға жеңіл көлік сатып алуға асығады. Тұрмыстық техника мен құрылыс материалдарын тасып жатқандары да бар. Ресейден қайтар жолда да жұрт осындай кептелісте сағаттап тұруға мәжбүр.