Ақтөбеде жолақысы арзандады - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде жолақысы арзандады

Ақтөбеде жолақысы арзандады

Ақтөбеде қоғамдық көліктердегі жолақысы арзандады. Енді жолаушылар қала ішіндегі автобустарда бұрынғыдай 60 емес, 55 теңге төлейтін болды.

  • 17 Ақпан 2015
  • 285
Фото - Caravan.kz

Қазір автопарк қызметкерлері автобустарға ілетін қызмет құны туралы жаңа парақшалар әзірлеп әлек. Бес теңге үнемдесе де, тұрғындар дән риза. Ал зейнеткерлер мен мүгедектердің жеңілдіктері өзгеріссіз. Автопарк басшылары мұндай қадамға жанармай құны түскен соң барған.

Руслан Жылқаманов, автопарк қызметкері:

— Енді  шағын автобустарда, үлкен сыйымдылықтағы, орта сыйымдылықтағы автобустарда баға бірдей болады. Мынау республикамызды қарасақ басқа облыстарда , қалаларда қымбаттап жатыр. Біз түсіріп жатырмыз оны.