Ресейдің соңғы тақ мұрагеріне Франция премьер-министрі сыйлаған тарихи ойыншық көрмеге қойылды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресейдің соңғы тақ мұрагеріне Франция премьер-министрі сыйлаған тарихи ойыншық көрмеге қойылды

Ресейдің соңғы тақ мұрагеріне Франция премьер-министрі сыйлаған тарихи ойыншық көрмеге қойылды

Ресей империясының соңғы патшасы Николай ІІ ұлы, тақ мұрагері Алексейдің XIX ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында жасалған өте сирек кездесетін қуыршақ театры Образцов атындағы Орталық қуыршақтар театрының мұражайына қойылды, деп хабарлады РИА Новости. 

  • 17 Ақпан 2015
  • 673
Фото - Caravan.kz


Көрме 17 ақпанда ашылып, 10 наурызға дейін жалғасады. 

Образцов театры мұражайының директоры Гордей Салтыковтың айтуынша, қуыршақ театрын патша отбасына 1914 жылы 9 шілдеде Санкт-Петерборға ресми сапармен келген Франция Премьер-министрі Раймон Пуанкаре сыйлаған болуы мүмкін. Бұл күні Николай ІІ күнделігіне: «111/2 Пуанкаре Аликс пен балаларға сыйлық әкелді» деп жазған.  

Тағы бір болжам бойынша, шағын қуыршақ театрын Алексейге арнап жасаған болуы мүмкін. Себебі, қуыршақтар бейнесі Николай ІІ мен ханшайымға және Распутинге ұқсайды.