Ғ.Қасымов кезектен тыс Президент сайлауында өз кандидатурасын ұсынбайды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ғ.Қасымов кезектен тыс Президент сайлауында өз кандидатурасын ұсынбайды

Ғ.Қасымов кезектен тыс Президент сайлауында өз кандидатурасын ұсынбайды

Қазақстан патриоттары партиясының төрағасы  Ғани Қасымов кезектен тыс Президент сайлауында өз кандидатурасын ұсынбайды. 

  • 17 Ақпан 2015
  • 605
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін ол елордада өткен «Қазақстан-2050» демократиялық күштердiң жалпыұлттық коалициясы отырысы аясында БАҚ өкілдеріне мәлім етті.

«Мен қарапайым ғана бір себеппен өз кандидатурамды ұсынбаймын. Өйткені, мен бұл өзенге екі мәрте түсіп шыққанмын. Президенттікке кандидат болудың, әсіресе күн сайын назарда болудың қаншалықты қиын екендігін білемін. Үшінші рет кандидат болғым келмеді.  Таң атқаннан кешке дейін сайлау науқаны барысында 2 ай бойы баспасөзбен тікелей араласу өте қиын сынақ»,-  деді ол.

Сонымен қатар бұл жолғы сайлауға жас буын өкілдерін ұсыну қажеттігін де атап өтті. «Мәселенің екінші қырына тоқталар болсам, біздерге жаңа тұлғалар, жаңа адамдар, жаңа буыннан кандидаттар қажет», — деді Ғ.Қасымов.