«Қазақстан-2050» демократиялық күштердiң жалпыұлттық коалициясы Президент сайлауын өткізуді қолдады - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Қазақстан-2050» демократиялық күштердiң жалпыұлттық коалициясы Президент сайлауын өткізуді қолдады

«Қазақстан-2050» демократиялық күштердiң жалпыұлттық коалициясы Президент сайлауын өткізуді қолдады

Бүгін елордада «Қазақстан-2050» демократиялық күштердiң жалпыұлттық коалициясы оған мүше саяси партиялардың және қоғамдық ұйымдардың басшылары кезектен тыс президент сайлауын өткізу бастамасын қолдап, дауыс берді. 

  • 17 Ақпан 2015
  • 427
Фото - Caravan.kz

Отырысқа «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев, Қазақстан патриоттар партиясының төрағасы Ғани Қасымов, Қазақстан коммунистік халық партиясының хатшы-үйлестірушісі Жамбыл Ахметбеков, «Бірлік» партиясының төрағасы Серік Сұлтанғали, «Ауыл» социал-демократиялық партиясының төрағасы Ғани Қалиев, «Қазақстан Азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Нұрлан Ерімбетов және тағы басқалар қатысты.

«Қазақстан-2050» демократиялық күштердің жалпыұлттық Коалициясы 2009 жылы «Нұр Отан» партиясының бастамасымен құрылды. коалиция аса маңызды бастамалар бойынша көпшіліктің пікірін салмақтап саралауды және бұған үкіметтік емес ұймыдар, сарапшылар мен БАҚ-ты кеңінен тарта отырып мемлекеттік шешімдерді қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз етеді.

ДКЖК еліміздің ең ірі диалог алаңы бола отырып, өз аясына 6 саяси партия, 18 ірі қоғамдық бірлестік, 500-ден аса ҮЕҰ-ны біріктіреді. Яғни, жалпы жиыны 6,5 млн. азаматтың мүддесін қорғайды.