Қазақстан құрамында алтыны бар шикізаттарды шетке шығаруға тыйым салатын болады - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан құрамында алтыны бар шикізаттарды шетке шығаруға тыйым салатын болады

Қазақстан құрамында алтыны бар шикізаттарды шетке шығаруға тыйым салатын болады

Қазақстан Үкіметі жақын аралықта құрамында алтыны бар шикізаттарды елден шетке шығаруға тыйым салатын болады. 

  • 17 Ақпан 2015
  • 376
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы бүгін Астанадағы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев мәлім етті.

«Біздің министрлік құрамында алтыны бар шикізаттарды елден әкетуге тыйым салу туралы бұйрыққа қол қойды. Қазіргі таңда осы құрамында алтыны бар шикізаттарға тыйым салу туралы бұйрық басқа да министрліктер арасында талқыланып жатыр. Жақын аралықта біз оны қабылдауды жоспарлап отырамыз»,  -деді министр Ә.Исекешев.