Қазақстанның теміржол жүйесі Еуразия құрлығындағы негізгі буынға айналады - Н. Назарбаев - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның теміржол жүйесі Еуразия құрлығындағы негізгі буынға айналады - Н. Назарбаев

Қазақстанның теміржол жүйесі Еуразия құрлығындағы негізгі буынға айналады - Н. Назарбаев

Ақордада Қазақстанда тіркелген шетелдік дипломатиялық миссия басшыларымен кездесуі барысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті.

  • 18 Ақпан 2015
  • 484
Фото - Caravan.kz

«Сарапшылар 2020 жылға қарай Еуропа мен Азия арасындағы тауар айналымы 60 пайыздан асады деп болжауда. Осыған байланысты біз де бірқатар шараларды қолға аламыз. Биыл «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық дәлізінің қазақстандық бөлігінде құрылыс аяқталады, бұл — 2700 шақырым автокөлік жолы. Бұл автокөлік дәлізі Қытайдан Еуропаға тасымалданатын жүкті 45 күннен 14 күнге дейін қысқартады. Қазақстанның теміржол жүйесі Еуразия құрлығындағы  негізгі буынға айналады. Бұл Тынық мұхитты Каспий теңізімен жалғастырады, Қытайды Орталық Азия елдерімен, Батыс Еуропамен байланыстырады. Баршаңыз өткен жолы Қазақстан-Түркіменстан-Иран теміржолының іске қосылғанына куә болдыңыздар. Осының барлығы Қазақстанды  аймақтық-көліктік коммуникациялық бизнес пен қаржы хабына айналдыруға бағытталған шаралар», — деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар, Елбасы ағымдағы жылы шетелдік инвесторлар үшін жаңа ынталандыру шаралары туралы заң күшіне енгенін айтты. «Тұтастай алғанда, Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы, «Нұрлы Жол», ЭКСПО-2017 көрмесі —  осының бәрі шетелдік әріптестерімізбен бірлескен жобаларды жүзеге асыруға ең тиімді жағдай жасайды деп сенеміз», — деген Мемлекет басшысы шет елдермен жұмыс істеуге Қазақстан қашан да ынталы екенін жеткізді.