Үндістанда жұқпалы індет тарап, жағдай күрделене түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үндістанда жұқпалы індет тарап, жағдай күрделене түсті

Үндістанда жұқпалы індет тарап, жағдай күрделене түсті

Үндістанда жыл басынан бері 600-ге жуық адам доңыз тұмауы атымен таныс H1N1 вирусын жұқтырып, қайтыс болған, деп хабарлады Би-Би-Си агенттігі. 

  • 18 Ақпан 2015
  • 391
Фото - Caravan.kz


Соңғы күндері өлім-жітім саны күрт артып кеткен. Үндістан үкіметі індетті анықтау үшін керек-жарақтар сатып алып жатыр. H1N1 індетін жұқтырған науқастарды емдейтін дәрігерлерге арнайы екпе салынды.

Ресми деректерге сүйенсек, доңыз тұмауы 2009 жылы анықталған. Ол кезде мыңдаған адам көз жұмған болатын.

Раджастан, Гуджаратта, сондай-ақ елдің орталық бөлігінде орналасқан Иадхья-Прадеш штатында жағдай барынша күрделі.