ШҚО-да құтқарушылар жоғалып кеткен малшыны таба алмай жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШҚО-да құтқарушылар жоғалып кеткен малшыны таба алмай жатыр

ШҚО-да құтқарушылар жоғалып кеткен малшыны таба алмай жатыр

Шығыс Қазақстан облысында құтқарушылар далада жоғалып кеткен малшыны іздеу жұмыстарын жалғастыруда.

  • 18 Ақпан 2015
  • 459
Фото - Caravan.kz

ТЖ бөлімінен хабарлағандай, «112» пультіне Үш биік ауылының 62 жастағы тұрғыны үйінен 16 ақпан күні таңертең шығып кеткені туралы телефон хабарламасы келіп түскен.

17 ақпанда сағат 14-те ол ұялы телефонынан үйіне хабарласып, жайылымнан оралып келе жатқанын айтқан. Тағы үш сағаттан кейін телефон соққанда ол қайда жүргенін білмейтінін хабарлаған. Жоғалып кеткен ер адамды іздеу жұмыстары елді мекеннің шығыс жағында, 20 шақырым радиусында жүргізілді. Жергілікті бес тұрғын малшыны күн батқанша іздеді, бірақ ауа райы бұзылып кетті. Іздеу жұмыстары 18 ақпан күні жалғасты.

Бүгін оларға полиция қызметкерлері қосылды.