Алматы облысының тұрғындары сапалы медициналық қызмет ала алады - А.Баталов - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысының тұрғындары сапалы медициналық қызмет ала алады - А.Баталов

Алматы облысының тұрғындары сапалы медициналық қызмет ала алады - А.Баталов

Алматы облысында «350 дәрігерлік амбулатория» бағдарламасы аясында 36  медициналық мекеме қолданысқа берілді. Олардың 22-сі өткен жылы салынған.  Облыстың денсаулық сақтау саласындағы бюджеті 70,2 млрд. теңгені құрады. Бұл туралы аймақ басшысы Амандық Баталов тұрғындармен есептік кездесуі барысында хабарлады.

  • 18 Ақпан 2015
  • 372
Фото - Caravan.kz

«Сонымен қатар келесі жылдан облыс тұрғындары жаңа медициналық мекемелерде сапалы медициналық қызмет ала алады.   Осылайша, Талдықорғанда 300 орындық қалалық көп салалы емхана, Көксу ауданы Балпық би ауылында бір ауысымда 250 адамды қабылдай алатын емхана ашылады», — деп атап өтті А.Баталов. 

Еске сала кетейік, бүгінде облыста 935 денсаулық сақтау мекемесі жұмыс істейді.