Алматыда полицейлер қаруланған есірткі тасымалдаушыларды ұстады - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда полицейлер қаруланған есірткі тасымалдаушыларды ұстады

Алматыда полицейлер қаруланған есірткі тасымалдаушыларды ұстады

Алматы полициясы заңсыз айналымдағы кезекті есірткі партиясын тәркіледі. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады. 

  • 18 Ақпан 2015
  • 332
Фото - Caravan.kz

«Алматы полициясы әл-Фараби даңғылында келе жатқан «Мерседес» көлігін тоқтатқан. 25 жастағы жүргізуші жігіттен салмағы 1,5 гр болатын марихуана мен травматикалық тапанша тәркіленді. Кейін белгілі болғандай, қару еш жерде тіркелмеген. Көліктегі 38 жасар жолаушыны тінту кезінде одан гашиш табылды. Екеуі де бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған болып шықты», — деді қалалық ІІД Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының басшысы Таңат Назанов.

Сот сараптамасы анықтағандай, тәркіленген есірткінің салмағы 261 грамм болып шықты.



Қазір аталған дерек бойынша, іс қозғалып, тергеу жұмысы басталды. Жедел іздестірушілер есірткінің Алматыға жету каналын анықтауда.