Олимпиада комитеті Алматының қауқарын жоғары бағалады - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Олимпиада комитеті Алматының қауқарын жоғары бағалады

Олимпиада комитеті Алматының қауқарын жоғары бағалады

Алматы 2022 жылғы Қысқы Олимпиаданы өткізуге толық қауқарлы. Қаланың спорт нысандарын 4 күн бойы аралап шыққан Халықаралық Олимпиада комитетінің өкілдерінің пікірі осындай.

  • 19 Ақпан 2015
  • 215
Фото - Caravan.kz

Әсіресе, Халықаралық ұйым өкілдеріне Алматыдағы «Сұңқар» трамплиндер кешені қатты ұнаған. Ал талайдан бері сөз болып жүрген «Көкжайлау» курорты Қысқы Олимпиада ойындары бағдарламасына енбейтін болды. Сонымен бірге, күрделі жөндеуге кететін шығынның көптігіне байланысты «Шымбұлақ» тау-шаңғы курорты да Олимпиада ойындарынан шет қалмақ. Дегенмен, шетелдік қонақтар Алматының әлеуетіне оң баға берді. Алайда оған бәсекелес тағы бір қаланың бары аян. Халықаралық сарапшылар енді наурыз айында Қытай астанасының аралап көрмек. Жалпы, қысқы ойындарды өткізу құқығын жеңіп алған қалаға Халықаралық Олимпиада комитеті көмек ретінде 800 миллион доллар бөлгелі отыр. Ал 24-ші Қысқы Олимпиаданың нақты қай қалада өтетіні 31-ші шілдеде белгілі болмақ.

Александр Жуков, Халықаралық Олимпиада комитетінің сарапшысы:

-Қаланың дайындығын 15 түрлі талап бойынша тексеріп шықтық. Барлық сұрақтарға толыққанды жауап алдық. Алматының спортқа өте бейім қала екеніне көз жеткіздік. Дегенмен, бұл Алматының мүмкіндігі өте жоғары дегенді білдірмейді. Соңғы шешім Куала-Лумпурда өтетін қорытынды жиында айтылады.