Ақмола облысында бүтін ауыл қарды су қылып ішіп отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақмола облысында бүтін ауыл қарды су қылып ішіп отыр

Ақмола облысында бүтін ауыл қарды су қылып ішіп отыр

Ақмола облысында мыңға тарта тұрғын қыс басталғалы ауыз сусыз отыр. Көлігі барлар тіршілік нәрін көрші ауылдардан тасиды. Ал оған да қолы жетпегендер қарды ерітіп ішуге мәжбүр. 7 жыл бұрын ғана күрделі жөндеуден өткен құбыр былтыр да 9 ай бойы қаңсып тұрған болатын.

  • 19 Ақпан 2015
  • 209
Фото - Caravan.kz

Қас қарайып, күн батып бара жатса, Ақсай жұрты суағар орынындағы шұңқырға су келер ме екен деген үмітпен әлі телміріп қарап тұрады. 3 айдан бергі көрген күндері осы. Шелек алып ауылды аралап жүргені. Шыңылтыр аязда тоңып, бос ыдыстарын ұстаған тұрғындар тіпті кезек те алып қойыпты.

Ғазиз Ақанбаев, Ақсай ауылының тұрғыны:

-6 жарым миллион  теңгеге күрделі жөндеу жасалды.Кәріз құбырларын салды. Ол қысымға шыдамайды, жарыла береді. Ешкімге ештеңе керек емес.Әкіміміз Астанадан келіп істейді. Оны жылына екі-ақ рет көреміз. Мал өріске шыққанда,сосын аудан әкімінің есебінде. Ол, әйтеуір, зейнет жасына жетсем деп жүрген адам.

Көлігі барлар суды аудан орталығынан тасып ішеді екен. Ал қара жаяулар қар суына қанағат дейді.

Ирина Травлина, Ақсай ауылының тұрғыны:

-Қарды шелекке толтырып әкеп пешке қоямыз, міне. Ерітіп, жақсылап сүземіз. Сосын қайнатып ішеміз. Енді не істейміз? Әрине,дәмі жақсы емес.

Әбден қиналған жұрт есеп беруге келген аудан басшыларына жағдайды талай айтқан. Бірақ күні бүгінге дейін еш нәтиже жоқ. Жылына екі-ақ рет ауылға келеді деген әкім де бүгін осында екен.


Еркен Хамзин, Ақсай ауылдық аймағының әкімі:

-Ақсай үшін су үлкен мәселе. Өткен жылға дейін нысан жекенің қолында болып, коммуналдық қызмет балансына берілген. Мен өзім айналысып жүрмін құбырмен қазір. Неліктен екенін білмеймін, жылда қыста су жоғалып кетеді. Жөндеуге тырысамыз.

Көктем шығып, қар таусылса жұрттың жағдайы қиындайын деп тұр. Су мәселесі жақын арада шешімін таппаса, бау-бақша егуден де қаламыз дейді олар.