30-шы қаңтарда компанияның бас директоры жұмыскерлерге жалақының 75 пайызы ғана төленетіні туралы бұйрық шығарған. Сөйтсе, өнімге деген сұраныстың азаюынан компания қаражаттан тарығып қалған екен. Оның үстіне қосымша құн салығы бойынша мемлекеттен 12 миллиард теңге алашағын ала алмай жүргендерін де айтқан. Осыған байланысты, тіпті билікпен арадағы дәстүрге айналған меморандумның өзіне қол қоймай, қиғылық салған еді. Дегенмен, кейін келіссөздер жүріп, қарыздың 4 миллиард теңгесі қайтарылатыны белгілі болды. Артынша екі жақты меморандум да жасалып жалақы қарызы да өтеліп отыр.