Алматыда 7 базардың меншігіндегі жер мемлекеткеқайтарылып жатыр - А.Есімов - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда 7 базардың меншігіндегі жер мемлекеткеқайтарылып жатыр - А.Есімов

Алматыда 7 базардың меншігіндегі жер мемлекеткеқайтарылып жатыр - А.Есімов

Алматы әкімі Ахметжан Есімов қала тұрғындары алдында есеп беріп, 2014 жылғы қаланың әлеуметтік-экономикалық даму қарқынын қорытындылады. Кездесу барысында әкім базарларды жаңғырту мәселесін тілге тиек етті. 

  • 19 Ақпан 2015
  • 306
Фото - Caravan.kz


«Біздің қаламыздың көркі ескі базарлар емес, сәулетті сауда орындары болуы керек. Қалалық инфрақұрылымды дамыту 21 базар бойынша жүргізіліп жатыр. 7 базардың жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылуда. Бұл жұмыс оңай болған жоқ. Үлкен ақша жүрген жерде, дау-жанжал болады. Қаламызда тағы да 9 сауда орнының құрылысы жалғасып жатыр», — деді А.Есімов. Оның айтуынша, басты мақсат санитарлық тазалықты сақтап,қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету.