МузТВ сыйлығы алғаш рет Астанада табыс етіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
+4 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
МузТВ сыйлығы алғаш рет Астанада табыс етіледі

МузТВ сыйлығы алғаш рет Астанада табыс етіледі

МузТВ сыйлығы  алғаш рет Астанада табыс етіледі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте аталған шоуды ұйымдастырушылар айтты.

  • 19 Ақпан 2015
  • 354
Фото - Caravan.kz

«Біз ағымдағы жылы «МУЗ ТВ 2015-гравитация» сыйлығы Қазақстанда, Астана қаласында өтетіндігіне қуаныштымыз», — деді брифинг барысында МузТВ телеарнасының жүргізушісі Артем Шалимов.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, музыкалық шоу бесінші маусым күні «Астана-Арена» стадионында өтетін болады. Шоуды  35 мыңнан астам адамның тамашалайтындығы жоспарлануда.

«Біз алғаш рет көрермен залына осыншама көлемде адамдарды жинайтын боламыз және мен көрсетілетін шоу барлығының да көңілінен шығатындығына сенімдімін», — деді ол.

Ұйымдастырушылардың ақпаратына қарағанда, бұл шоуды жүз миллионнан астам адам  «Қазақстан», «МузТВ» және басқа да ресейлік федералды, ұлттық телеарналар арқылы тамашалайтын болады. Шоуға Ресей мен Қазақстанның өнер жұлдыздары қатысады.


Перейти к новостям спорта