Құжат күшіне енсе, балаларға арналған ақпараттық өнім 6 жасқа дейінгі және 6 жастан асқан, 12,14, 16 жастағы балалардың жетілу және дүниетану деңгейіне сәйкес болуы тиіс. Материал соған сәйкес таңбалануы қажет. Ал, порнографиялық, суидцидке итермелейтін, жыныстық қатынас сипаттағы көріністерді насихаттауға қатаң тыйым салынады. Енді компьютерлік ойындарға да бақылау күшейтілмек.
Алдан Смайыл, Мәжіліс депутаты:
-Балаларды адамгершілік сезімінен суытатын, психикасы мен денсаулығына зардабын тигізетін, қатыгездікті насихаттайтын, бір сөзбен айтқанда жеткіншектерді рухани аздыратын ақпараттан қорғауға арналған құқықтық шаралар ескерілді. Және осы заң жобасына сәйкес, шетелдерден де, іштен де сатылып алынатын балаларға арналаған ақпараттар таңбаланып келуі тиіс.