Қазақстан үшін бұл саяси науқан ауадай қажет деген сенімде депутаттар. Өйткені, әлемдегі экономикалық жағдай күн санап құлдырап барады. Сондықтан, ел ішіндегі ірі бағдарламаларды шұғыл жүзеге асыру керек. Ол үшін ертерек президентті қайта сайлап, алаңсыз болашақ жобаларды орындауға кіріскен дұрыс екен. Жалпы, кезектен тыс президент сайлауын өткізу туралы ұсынысты өткен аптада Қазақстан Халқы Ассамблеясы ұсынған еді. Осы аралықта науқанды еліміздегі ірі саяси күштер, ұйымдар мен партиялар және Парламенттің қос палатасы да қолдап үлгерді.
Мұхтар Алтынбаев, Сенат депутаты:
-Есі дұрыс адам осындай істі қолдауы керек. Менің ойымша, Сенатта отырған депутаттардың түгелінің есі дұрыс. 2015-ші жылы президент сайлауын өткізген дұрыс деп ойлаймыз. Әржағында «2050 стартегиясы», «Нұрлы жол» бар. Екінші бесжылдық басталды. Сондықтан Елбасының қасына жұмылып, жұмысқа кіріскен дұрыс деп ойлаймыз.