Әли Оқапов «Қазақстан дауысы» жобасының финалиci Индира Еділбаеваға продюсер болды - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
+4 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әли Оқапов «Қазақстан дауысы» жобасының финалиci Индира Еділбаеваға продюсер болды

Әли Оқапов «Қазақстан дауысы» жобасының финалиci Индира Еділбаеваға продюсер болды

Әнші Әли Оқапов пен директоры Ерлан Алимов ресми түрде жаңа жобаларын таныстырды, деп жазады baistars.kz.

  • 20 Ақпан 2015
  • 533
Фото - Caravan.kz

Әнші мен директоры  арнайы тілшілермен кездесу өткізіп, ресми түрде жобаларының атын жариялап, бірге сұхбат берді. Кезекті жаңа жобасы бірнеше күн бұрын ғана аяқталған «Қазақстан дауысы» мегажобасының финалисі Индира Еділбаева есімді жас ару. Енді Индираның музыкалық продюсері — Әли Оқапов, ал продюсері  — Ерлан Алимов.

«Жалпы Индирамен таныс болғанымызға 2 жылдай уақыт болды. Бір-бірімізді ортақ таныстарымыз арқылы білетінбіз. Осыдан бірнеше ай бұрын директорым Ерлан маған «жаңа жоба алайық» деп ұсыныс жасаған болатын. Содан біз ғаламтор арқылы кастинг жарияладық. Нәтижесінде 400-ге жуық хаттар мен ұсыныстар келіп түсті. Өкінішке орай көбісі дұрыс шарт бойынша жібермеген. Дұрыс хат жібергендердің ішінен Индираның хатын қабылдадық. Алғашында таң қалдым. Себебі, мен осыған дейін Индираның жеке әнші ретінде бізбен жұмыс істегісі келгендігін білген жоқпын. Ерланға  «Индираны таңдаймын» деп айттым. Кейіннен кездесіп, сөйлесіп, қандай адам екенін, мінезін, жоспарларын білген соң осындай ортақ шешімге келдік.

Индира осыдан екі жыл бұрын ғана Алматыға келді. Негізі — Ақтөбелік. Осыған дейін де көптеген ән байқауларға қатысып жүрген қыз. Біздің кастингтен өткенін естігенде өте қуанышты болды. Себебі, бұндай жауап күтпеген екен. Менің ойымша, Индира жартылай болса да дайын әнші. Дауысының қуаттылығы, ән айту шеберлігі, музыкалық қабілеті өте биік деңгейде. Бала кезінен музыканы сүйіп өскен және қарапайымдылығы маған ұнайды. Адам ретінде адамгершілігі мол, мінезі әлі кішкентай баладай, өте сұлу. Осындай қасиеттің бәрі бір адамда жиналғаны өте қуантады. Себебі, өздеріңізде білесіздер көбісінде түрі болса ән айта алмайды, ал ән айта алса түрі келмей жатады.

Осыдан бірнеше күн бұрын ғана білесіздер «Қазақстан дауысы» жобасы аяқталып, Индира финалға дейін жетіп, 3-орын иегері атанды. Бұл біз үшін үлкен көрсеткіш болды. Осы жоба арқылы халықтың Индираға деген көзқарасын білдік, тексеріп алдық. Біріншіден, Мадина Сәдуақасоваға алғысымды айтқым келеді. Мадинасыз ол финалға жетпес еді. Ал жеңімпазға келетін болсам, Бауыржанды мен мойындаймын. Ол — «Қазақстан дауысы» атағына лайықты әнші.

Жобадан кейін көп әншілер жоқ болып кетіп жатады. Оның ары қарай өсуі тікелей дарынына байланысты. Осы орайда біз Индираның сахнадан кетпеуіне, жоғалмауына күш саламыз. Индираның өзінің қайталанбас дауысы бар. Ән айту шеберлігі жоғары. Бірақ бағыт жағынан әлі ештеңе айта алмаймыз. Индира жобада түрлі жанрда өз-өзін сынады. Бірақ әлі бір нақты бағытты таңдаған жоқпыз.


Алда бізде Индирамен бірге үлкен жоспарлар бар. Қазір 6-7 авторлық әндері бар. Оның екеуін мен өзім жаздым. 2-3 фотосессиясы бар. Енді бүгіннен бастап ресми түрде сұхбат бере аламыз», — деді Әли Оқапов.

Ал Ерлан Алимов: «Индираның ерекшеліктері көп. Өте әдемі, талантты, тәрбиелі қыз. Сонымен қатар, жұмысқа деген жауапкершілігі жоғары, ешқашан кешікпейді.

Мен бұрын әнші болғанмын. Сол кезден бастап  продюсер болу ойымда жүрді. Қазір сол ойды жүзеге асырып жатырмын. Бірінші жобам Динара Сұлтан болды. Динарамен көптеген жұмыстар атқардық.

Алда Индирамен ең бірінші жоспар ол бейнебаян түсіру. Ән дайын тұр, тек Индираның дауысын жазу керек. Осы 1-2 аптадан кейін бейнебаянның түсірілім жұмыстары басталады. Бүгін Индираны таныстырып, алғашқы қадамымызды бастадық. Алда әлі жоспарлар көп.  Индираның дауысына қарасақ, болашақта ән байқауларға баруға болады»,- дейді.

null 2 3

Перейти к новостям спорта