Психологтар адамдар неліктен сиқыршыларға сенетінін анықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Психологтар адамдар неліктен сиқыршыларға сенетінін анықтады

Психологтар адамдар неліктен сиқыршыларға сенетінін анықтады

Джей Олсон басқарған канадалық Макгилл Университетінің ғалымдар тобы  сиқыршыларға өз айлаларын жүзеге асыруға адам психологиясындағы не нәрсе көмектесетінін анықтады.

  • 20 Ақпан 2015
  • 346
Фото - Caravan.kz

Зерттеу көрсеткендей, адамдар  түсі ашық, назар аударатын нұсқаларды таңдайды екен. Ол карта болсын, қандайда бір зат болса да.  

Сиқыршы діттегеніне қалай қол жеткізуге болатынын біледі, алайда неліктен әдістері тиімді жүзеге асатынын түсінбейді, деп жазады шетелдік БАҚ.

Зерттеу барысында Джей Олсон (ол сонымен қатар кәсіби сиқыршы) көшедегі адамдарға келіп, бір карта таңдауын ұсынған. Өзі  карта колодасын көрермендердің көзінше тез ауыстырып отырған. Үрдіс шамамен жарты секунд уақытты алды.

Олсон бір картаны «мақсат» қылу әдісін пайдаланды. Бұл картаны ол өзгелерге қарағанда ұзағырақ көрсетіп, оған назар аудартқан. Нәтижесінде 98% қатысушы осы картаны таңдады, солардың 91% картаны өздері таңдағанына сенімді болды.