Беларусьтар Қазақстандағы автожолдардың құрылысына қызығушылық танытты - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Беларусьтар Қазақстандағы автожолдардың құрылысына қызығушылық танытты

Беларусьтар Қазақстандағы автожолдардың құрылысына қызығушылық танытты

19 ақпан күні «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ұлан Әліпов Беларусь Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің орынбасары Алексей Авраменкомен кездесті, деп хабарлады «ҚазАвтоЖол» ҰК» баспасөз қызметінен. 

  • 20 Ақпан 2015
  • 430
Фото - Caravan.kz


Кездесу барысында Ұлан Әліпов шетелдік қонақтарды елімізде жүзеге асырылып жатқан республикалық және халықаралық жобалармен таныстырды. Сондай-ақ, олар еліміздегі тұңғыш ақылы автожолдың күтімі және ондағы жұмыс істеп тұрған ақылы жүйе туралы талқылады. 

Беларусь Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің орынбасары Алексей Авраменко өз кезегінде Белорусь еліндегі автожолдардың құрылысы, олардың сапасы жайлы әңгімелей келе, Қазақстандағы автожолдардың құрылысына қызығушылық танытты.
Сондай ақ, Беларусь Республикасындағы ақылы жолдар мен ақы алу жүйесі туралы сөз болды. А. Авраменконың айтуынша, қазіргі уақытта республика бойынша, 1 189 шақырым автомобиль жолдары ақылы жүйеге өткен. Ақылы жолдардан жиналған қаражат қазірдің өзінде тек ақылы жолдардың ғана емес, өзге де автомобиль жолдардың күтіміне жұмсалып отыр.

Кездесуге қатысқан Беларусь Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Анатолий Ничкасов Беларусь, Ресей және Қазақстан үшін бірыңғай ақылы жолдар жүйесін құру қажет деген пікір айтты. Біртұтас экономикалық кеңістіктің батысынан қиыр-шығысына дейін тартылған бірыңғай ақылы жолдар жүйесі — автокөлік жүргізушілерінің де, жүк тасымалының да уақытын үнемдейтін еді, — дейді елші.

Тараптар бұдан былай да ынтымақтастықты арттырып, өзара тәжірибелермен алмасып тұруға келісті.