Жамбыл облысы ТЖ департаменті жедел қызмет кезекшісі хабарлағандай, Шайқұрық пен Бурыл станциясының арасында кеше кешкі сағат 17.15-те күкірт қышқылы тиелген үш вагон рельстен шығып кеткен.
«Күкірт қышқылы тиелген үш вагон рельстен шығып кеттi. Цистерналар шетке қисайып кеткен. Цистернаның бірінен аздаған күкірт қышқылы тогiлдi. Жапа шеккендер жоқ. Апат орын алған жерде залалсыздандыру жұмысы жүргізілді», — деді аймақтық ТЖД өкілі.
Залалсыздандыру жұмысына облыстық ТЖД, «Құтқарушы» өрт сөндіру қызметінің мамандары, Жамбыл облысындағы темір жол бөлімі, «Қазфосфат» ЖШС, облыстық әкімдік өкілдері, ІІД мамандары, т.б. жұмылдырылды. Барлығы 200 адам мен 10-ға жуық техника болған.
Тараз қаласының әкімшілігі оқиғаға байланысты жергілікті масштабтағы төтенше жағдай жариялады, деді Жамбыл облысы ТЖ департаментінен.
Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды.

