Интерпол Дубай қаласында қолға түсірген А.Гатауллин Қазақстан Республикасына тапсырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Интерпол Дубай қаласында қолға түсірген А.Гатауллин Қазақстан Республикасына тапсырылды

Интерпол Дубай қаласында қолға түсірген А.Гатауллин Қазақстан Республикасына тапсырылды

Алматы әуежайында Біріккен Араб Әмірліктерінің уәкілетті органдары алдау және сенімге қиянат жасау жолымен бөтеннің мүлкін ірі көлемде ұрлағаны үшін айыпталып отырған А.Гатауллинді Қазақстан Республикасына тапсырды.

  • 20 Ақпан 2015
  • 386
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.

Қылмыс жасағаннан кейін Гатауллин тергеуден жасырынып қалған болатын, осыған байланысты Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы 2014 жылдың желтоқсанында халықаралық іздеуге санкция берді. Оны Интерпол Дубай қаласында ұстады.

Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктерінің құқық қорғау органдарының жедел өзара іс-қимылының нәтижесінде Гатауллин қазақстандық тарапқа берілді.