Ірі шортандарды тұтқындаумен аты шыққан Қайрат Қожамжаров енді тек жемқорларды әшкерелеумен айналыспайды. Атауы өзгерген агенттікке қайта оралған Қожамжаровтың мойнында мемлекеттік аппаратты реформалау, тиімділігін арттыру міндеті тұр. Бұл үшін арнайы тұжырымдама қабылданған болатын. Осы құжатқа сай шенеуніктердің жұмысына бағалау жүйесі енгізіліп, мемлекеттік қызметке іріктеу тәртібі өзгертіліп жатыр. Мұны ашық әрі әділ өткізуді талап еткен Елбасы бюджет ақшасына қол салатындармен күресті күшейтуге пәрмен берді.