Елімізде жүздеген мемлекеттік нысан тағы сатылымға шығарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде жүздеген мемлекеттік нысан тағы сатылымға шығарылды

Елімізде жүздеген мемлекеттік нысан тағы сатылымға шығарылды

Жекешелендіру науқанының екінші легі аясында сатылымға тағы жүзге жуық мемлекеттік нысан қойылды. Оның тең жартысы Ұлттық компаниялар үлесіндегі активтер/

  • 21 Ақпан 2015
  • 217
Фото - Caravan.kz

Негізі сатылымға 287 мемлекеттік мүлік қойылған еді. Бірақ ел ықыласы көбінесе активтерге ауған. Ал ірі ғимараттарға сұраныс жоқ. Мәселен, Алматыдағы Республика сарайы, «Жас Отау» неке сарайы сұраныстың жоқтығынан сатылымнан мүлдем алынуы да мүмкін. Ал «Қазақфильм» киностудиясы 3 миллиард теңгенің үстінде бағаланған. Оның 49 пайызы осы жылдың соңында жеке қолға өтеді деп күтілуде. Ескерте кететін жайт, ендігі мемлекеттік сауда тек электрондық жүйеде жүргізілмек. Әзірге, жекешелендіру шарасы қызу жүріп жатқан өңірлер деп Ақтөбе және Жамбыл облыстары аталуда. Ал Павлодарда бірде-бір мемлекеттік мүлік өтпепті.