Экс-шенеунік аудандардың бірінде салынып жатқан мектеп құрылысына қатысты жалған актіге қол қойған. Бұл қызметін Ратмир Усманов 10 мың долларға бағалапты. Онымен бірге пара берген кәсіпкер Мұрат Харсиев те сол кезде қолға түс болатын. Бұлар ұсталған кезде облыстың сол кездегі әкімі Самат Ескендіров өз еркімен қызметінен кеткен-ді. Ал бүгін бас бостандығынан айырылған екі азамат үкіммен келіспей, енді апелляциялық сотқа шағым түсірмек.