Павлодарлық тілшілер Бозымбаевты Арынның баяндамасын көшіріп алған деп кінәлады - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарлық тілшілер Бозымбаевты Арынның баяндамасын көшіріп алған деп  кінәлады

Павлодарлық тілшілер Бозымбаевты Арынның баяндамасын көшіріп алған деп кінәлады

-Баспасөз қызметі алдағы уақытта шенеуніктердің баяндамаларынан плагиат тапқан тілшілдерге сыйлық ретінде қамшы дайындап қойыпты. Бұл өз кезегінде жұрт алдында жүргендердің жауапкершілігін арттыруға септігін тигізбек дейді олар. 

Фото - Caravan.kz

Бір жылдан бері Павлодар облысын басқаратын Қанат Бозымбаевтың есебін тыңдауға келгендерде есеп жоқ. Әкімнің баяндамасын әсіресе тілшілер қауымы мұқият тыңдаған екен. Құжат мазмұнынан плагиаттың барын аңғарған олар бұған нақты көз жеткізу үшін Бозымбаевтың әр сөйлемін Гугл-тестпен тексеруді жөн санапты.

Ярослав Голышкин, «Версия» газетінің редакторы:

-Облыс әкімінің баспасөз қызметі маған аймақ басшысының есептік баяндамасын жіберді. Оны қарап отырып, экс-әкім Ерлан Арынның 2013 жылғы баяндамасымен ұқсастығын байқадым. Шатастырғанмын ғой деп, екі күн бұрын өткен есепте жазылған аудиожазбаны қайта тыңдадым. Осылайша Бозымбаевтың баяндамасының Арынның есебінен айырмашылығы аз екеніне көз жеткіздім.

Айта кету керек, Павлодар қаласының әкімі Болат Бақауов та осындай жағдайға қалған. Ол өз баяндамасын Астананың экс-әкімі Иманғали Тасмағамбетовтың, тіпті Мәскеу облысы губернаторының ескі есебінен  көшірген көрінеді. Алайда, қала әкімін ешкім қоғаштамаса, есесіне, Бозымбаевтың қызметкерлері ақталып әлек.

Асқар Жалдинов, Павлодар облысы әкімінің баспасөз хатшысы:


-Әкімнің баяндамасында жеті мыңнан астам сөз болды. Соның ішінде бір елуден астамы ғана бір бірімен қайталанған сияқты көрінеді. Бірақ, оны плагиат ретінде санауға болмайды. Егер басқа облыс әкімінің немесе басқа лауазымды адамдардан біз оны ұрлап, өзімізге пайдаланып жаңағы әкімнің аузына салсақ онда бір жөн.

Алғашқы баяндаманың авторы, яғни облыстың бұрынғы басшысы Ерлан Арын ақша жымқырды деген айыппен, үш жылға сотталған болатын. Қазір үйінен аттап шықпай шартты жазасын өтеп жүр. Ал оны көшіріп алды деп айыпталған қазіргі әкімнің командасы енді «сасқан үйрек артымен жүзедің» кері болса керек, плагиаттықты анықтаған тілшілерге өздерінше сыйлық үлестірмекші.

-Баспасөз қызметі алдағы уақытта шенеуніктердің баяндамаларынан плагиат тапқан тілшілдерге сыйлық ретінде қамшы дайындап қойыпты. Бұл өз кезегінде жұрт алдында жүргендердің жауапкершілігін арттыруға септігін тигізбек дейді олар.