Таразда екпеден соң есінен танған қызды дәрігерлер психдиспансерге апарып тастаған - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Таразда екпеден соң есінен танған қызды дәрігерлер психдиспансерге апарып тастаған

Таразда екпеден соң есінен танған қызды дәрігерлер психдиспансерге апарып тастаған

Қызылшаға қарсы екпенің кесірі еліміздің әлі біраз аймағын әурелейтін тәрізді. Енді Таразда да бір жеткіншек ауруханаға түсті. 17 жастағы студентке бір апта бұрын вакцина салынған. Өзін екі күн жайсыз сезінген бойжеткен үшінші тәулікте есінен танып құлапты. Дереу ауруханаға жеткізгенімен ақ халаттылар нақты диагноз қоя алмай, ақыры науқасты психдиспансерге жіберген.

  • 21 Ақпан 2015
  • 366
Фото - Caravan.kz

Жәзира Мырзатаева, Меркі ауданының тұрғыны:

-Азанда дәрігерлер қабылдамай, бізді жындыханаға әкеп тастады. Енді бұл жерде қызым жатыр, система алып жатыр. Жүрегі ғана соғып тұр. Бесінші күні болды бүгін. Ауызынан қан ақты. Ешқандай ауруы жоқ болатын.

Пернекүлдің қазіргі жағдайы өте нашар. Өздігінен жүріп-тұра алмайды, тіпті тамақ ішуден де қалған. Қасында ертелі-кеш анасы қарап отыр. Ал, дәрігерлер өздеріне тағылған айыпты мойындағысы жоқ. Оның осындай халге түсуіне отбасылық кикілжің себеп болуы мүмкін деп топшылайды. Бұл пікірді санитар мамандары да қуаттауда.


Гүлфайра Мырзабекова, Жамбыл облысы тұтынушылар құқығын қорғау департаменті басшысының орынбасары:

— Бұл науқастың жағдайы ешқандай екпеге қатысы жоқ.