ҚР Ұлттық музейі ақылы жұмыс режиміне көшеді - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Ұлттық музейі ақылы жұмыс режиміне көшеді

ҚР Ұлттық музейі ақылы жұмыс режиміне көшеді

ҚР Ұлттық музейі ақылы жұмыс режиміне көшеді.

  • 21 Ақпан 2015
  • 267
Фото - Caravan.kz

«Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігінің бұйрығымен 2015 жылғы 21 ақпаннан бастап, «Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі» РМКК-нің ақылы қызмет түрлерін көрсету ережелері бекітілді», — делінген музейдің баспасөз қызметі хабарламасында.

21 ақпаннан бастап музейге дербес кіру ересектер үшін — 500 теңге, студенттерге — 300 теңге, мектеп оқушыларына 200 теңге болады. Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, мүгедектерге, мектеп жасына дейінгі балаларға, жетім балаларға, көп балалы аналарға музейге кіру — тегін. Экскурсия өткізуге билеттер 1 мың теңгеден басталады.

45 минуттік 20 адамға арналған қазақ және орыс тілдеріндегі топтық экскурсия 1 мың теңге, шетел тілінде — 2 мың теңге тұрады. Мектеп оқушылары мен балаларға, соғыс ардагерлеріне, мүгедектерге, мектеп жасына дейінгі балаларға, жетім балаларға, көп балалы аналарға экскурсиялар — тегін.

Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі — Орталық Азиядағы ең ірі  және ең жас музей, ол әлемнің ірі музейлерінің ондығына кіреді. Музей Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасымен «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2014 жылғы 2 шілдеде ашылды. Музей ашылғаннан бері барлық келушілер үшін тегін жұмыс жасады. ҚР Ұлттық музейінде 8 айдағы жұмысы кезінде 140 мыңға тарта адам болды.