Н.Назарбаев бірқатар елдегі Қазақстанның елшілерін тағайындады - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Н.Назарбаев бірқатар елдегі Қазақстанның елшілерін тағайындады

Н.Назарбаев бірқатар елдегі Қазақстанның елшілерін тағайындады

Мемлекет басшысының Жарлығымен Шахрат Шәкизатұлы Нұрышев Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметінен.   

  • 21 Ақпан 2015
  • 325
Фото - Caravan.kz

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының Жарлықтарымен Қазақстан Республикасының Испания Корольдігіндегі Төтенше және өкілетті елшісі Бақыт Амангелдіұлы Дүйсенбаев Қазақстан Республикасының Андорра Князьдігіндегі Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне;

Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі Төтенше және өкілетті елшісі Дастан Шериазданұлы Елеукенов Қазақстан Республикасының Дания Корольдігіндегі Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне;

Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Төтенше және өкілетті елшісі Данияр Қабидоллаұлы Сарекенов Қазақстан Республикасының Бруней-Даруссаламдағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне;


Мемлекет басшысының Өкімімен Шахрат Шәкизатұлы Нұрышев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасынан Шанхай ынтымақтастығы ұйымы қызметінің мәселелері жөніндегі Ұлттық үйлестіруші қызметінен босатылды.