ОАР-дағы рудникте 200 кенші із-түзсіз жоғалып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ОАР-дағы рудникте 200 кенші із-түзсіз жоғалып кетті

ОАР-дағы рудникте 200 кенші із-түзсіз жоғалып кетті

Алтын өндіретін Kusasalethu кенішінде жер астында екі шақырымнан астам тереңдікте  шыққан өрттен кейін екі жүзге жуық жұмысшы із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды Би-би-си.

  • 23 Ақпан 2015
  • 286
Фото - Caravan.kz

 Рудниктің иесі Harmonу Gold компаниясының хабарлауынша, шахтадағы жалын тілі ауыздықталған, өрт кезінде жер астындағы қауіпсіз орынға жасырынып үлгерген 280 жұмысшы  жоғарыға шығарылды. Дегенмен құтқарушылар тап сол шақта жер астында кезекті ауысымда жұмыс  істеп жатқан тағы  199 адамды табуға әрекеттеніп жатыр.

Алдын ала болжам бойынша, жөндеу жұмыстары жүріп жатқан кезде  жалын лап ете қалған.