Байқалдың шекті деңгейі РФ Үкіметінің 2001 жылғы 26 наурыздағы қаулысы талаптарымен шектелген. Су деңгейінің ең төменгі межесі 456,0 метр, жоғарғы деңгейі 457,0 метр болып белгіленген.
Үкімет пен экологтар көлдің саяздану үрдісі өткен жылы басталғанын атап өтуде: Бурятия мен Иркутск облысында күзде елеулі жауын-шашын болмады, соның салдарынан Байқалға құятын өзендердің ағысы төмендеді. 2015 жылдың басында өңірде ылғалдың азаюынан жоғары даярлық режимі енгізілді.
Бурят өңірі өрт қаупі жоғары аймаққа жатады, ал көлдердің деңгейі төмендеуінен оның қаупі арта түсуде, өйткені жағалаудағы ормандар құрғап қалады. Сонымен бірге шымтезек құрғап, өртене бастайды.
РФ Үкіметінің төрағасы Дмитрий Медведев бұдан бұрын «2014-2015 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңдегі Байқал көліндегі су деңгейінің шекті мөлшері туралы» қаулыға қол қойға болатын. Бұл құжатқа сәйкес Байқал алабының су ресурстарын ұқыпты пайдалану талаптары белгіленді. Бұл шара төтенше жағдай қаупінің алдын алуды, халықты сумен, жылумен және электрмен жабдықтауды қамтамасыз етуді көздейді.