Қазақстанда жылқы шаруашылығының дамытылуы жоспарланған көрсеткіштерден асырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда жылқы шаруашылығының дамытылуы жоспарланған көрсеткіштерден асырылды

Қазақстанда жылқы шаруашылығының дамытылуы жоспарланған көрсеткіштерден асырылды

Қазақстанда жылқы шаруашылығын дамыту мақсатында «Құлын» бағдарламасы бойынша өткен жылы 393 қарыз алушы 3 698 млн. теңгеге қаржыландырылды,

  • 23 Ақпан 2015
  • 659
Фото - Caravan.kz

деп хабарлайды «Аграрлық несиелік коропрациясы» АҚ-ның баспасөз қызметінен.

Бұл қаражатқа 12467 бас жылқы, соның ішінде 11703 бие мен 764 тұқым айғыры сатып алынған.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің мастер-жоспарына сәйкес, 2014 жылы 10 000 бас төлдейтін мал сатып алу жоспарланса, ауыл шаруашылығы өндірушілері 11 703 бас сатып алған, бұл жоспардың 117 пайызын құрайды.

Бұл салада бағдарламаға қатысып отырған Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстары көш бастап тұр.