Burger King 2015 жылы Қазақстанда жаңадан 10 жаңа мейрамхана мен фуд-корт ашпақ - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Burger King 2015 жылы Қазақстанда жаңадан 10 жаңа мейрамхана мен фуд-корт ашпақ

Burger King 2015 жылы Қазақстанда жаңадан 10 жаңа мейрамхана мен фуд-корт ашпақ

Жылдам тамақтануға арналған Burger King мейрамханалар желісі 2015 жылы Қазақстанда жаңадан 10 жаңа мейрамхана мен фуд-корт ашпақ.

  • 23 Ақпан 2015
  • 610
Фото - Caravan.kz


"2015 жылы тағы 10 мейрамхана мен фуд-корт ашпақпыз, оның бесеуі қазір салынып жатыр,оның ішінде 4 "Автоэкспресс" мейрамханасы бар, бұл жаңадан 140 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік бермек”, деді "Интерфакс-Қазақстанға"Қазақстандағы Burger King бас директоры Самир Нашед.
Жалпы құйылып отырған инвестиция көлемі 5 млн доллар шамасында, деді компанияның баспасөз қызметінен.
Burger King 1954 жылы құрылған, негізінен бургер дайындайды, АҚШ-тағы McDonalds-тың басты қарсыласына саналады. Әлемнің 83 елінде 12,5 мыңнан аса мейрамханасы бар, Қазақстанда компания 2012 жылдан бастап қызмет көрсетуде.