Қызылшаға қарсы екпе салдырған елуден астам адам ауруханада жатыр - Маңғыстау - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылшаға қарсы екпе салдырған елуден астам адам ауруханада жатыр - Маңғыстау

Қызылшаға қарсы екпе салдырған елуден астам адам ауруханада жатыр - Маңғыстау

Маңғыстау облысында қызылшаға қарсы екпе салдырған соң медициналық көмекті керек еткендер саны көбейіп отыр.

  • 23 Ақпан 2015
  • 474
Фото - Caravan.kz


Дүйсенбіде  облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Алмабек Бисеннің айтуынша, соңғы күндері ғана вакцинациядан соң 15 адам ауруханаға жатқызылған.
"Қазір жеті бала реанимацияда жатыр, оларды дәрігерлер тұрақты бақылауда. Қалғаны неврология бөлімінде", деді "ИФ-Қазақстанға" облыстық аурухананың директоры Нұрлан Тілепов.
А.Бисеннің айтуынша, Бейнеу елдімекенінде вакциналық синдроммен ауруханаға жатқызылған адамдар саны алтыға жеткен.
Жаңаөзенде вакцинациядан соң өзін нашар сезінген 35 адам ауруханада жатыр.
Өткен аптада денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрлігі екпеден кейін адамдардың өзін жайсыз сезінуі  ағзаның сезімталдығына байланысты, Үндістанда шығарылған вакцина — қауіпсіз, 2014 жылы 45 елде пайдаланылған, оны ДДҰ сертификаттаған, деп хабарлаған еді.
Дегенмен, Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин бұл науқанды 2-наурызға дейін тоқтатуға тапсырма берді. Ол кезге дейін вакцинаға сараптамаға жүргізу аяқталмақ.