С.Нұрмағамбетовтың 30 жыл кешігіп келген ордені оның отбасына табыс етілді - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
С.Нұрмағамбетовтың 30 жыл кешігіп келген ордені оның отбасына табыс етілді

С.Нұрмағамбетовтың 30 жыл кешігіп келген ордені оның отбасына табыс етілді

 Тәуелсіз Қазақстанның бірінші қорғаныс министрі генерал Сағадат Нұрмағамбетовтің 30 жыл кешіккен Ұлы Отан соғысының II дәрежелі Ордені бүгін оның отбасына табыс етілді. Орденді табыстау үшін ұйымдастырылған салтанатты шара Алматыдағы Орталық әскерлер үйінде өтті. 

  • 23 Ақпан 2015
  • 465
Фото - Caravan.kz

Кеңес одағының батыры, Халық Қаһарманы С. Нұрмағамбетов наградаға осыдан 30 жыл бұрын ұсынылған. ҰОС екінші дәрежелі ордені — соғыс жылдарындағы ең алғашқы награда және дәрежеге бөлінетін алғашқы кеңестік орден. РФ бас консулдығының консул-кеңесшісі Дмитрий Игнатьев наградаға генерал Нұрмағамбетов 1985 жылы ұсынылғанын, алайда ұсыныс басшылыққа жетпей қалғанын айтты. «Мұндай жағдайлар кейде болып тұрады», — деді ол.

С. Нұрмағамбетов 2013 жылғы қыркүйек айында 89 жасында қайтыс болды.