әскери бөлімшелердің бірінің бұрынғы бастығы Қайрат Балмағамбетовтың науқастануына орай кейінге қалдырылды.
Отырыс дүйсенбіде сағат 14:00-де басталуға тиіс еді, алайда сот залынан оны жедел медициналық жәрдем Астананың емханаларының біріне әкетті, деп хабарлады "Интерфакс-Қазақстан" тілшісі.
Қ.Балмағамбетовтың денсаулығына келер болсақ, инфракт алдындағы жағдай болуы ықтимал, деді журналистерге Н.Жоламановтың қорғаушысы Жомарт Сарманов.
Оның айтуынша, сот талқысы алдағы сәрсенбіде өтуі ықтимал.
Бұл сот процесі Астанада мамандандырылған әскери сотта өтіп жатыр.
Н.Жоламановқа әр түрлі коммерциялық құрылымдардың өкілдерінен ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында пара алды деген 13 эпизод бойынша айып тағылған.
Қазақстанда 2015 жылдың 1-қаңтарынан бастап жаңа ҚК күшіне енген.