Павлодарда қаршадай қыз оттың арасынан 4 жасар баланы аман алып шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда қаршадай қыз оттың арасынан 4 жасар баланы аман алып шықты

Павлодарда қаршадай қыз оттың арасынан 4 жасар баланы аман алып шықты

Павлодарлық жеткіншек өз өмірін қатерге тігіп, төрт жасар баланы ажалдан құтқарды. 8-ші сынып оқушысы Зейнеп Қабылбек өрт сөндірушілер жеткенше, түтінге тұншыққан бүлдіршінді үйден аман алып шыққан.

  • 24 Ақпан 2015
  • 273
Фото - Caravan.kz

Зейнеп қарсы үйдің бірінде түтіннің иісі шығып тұр дегенді көршілерінен естіп, алды-артына қарамай сонда барған. Іштен баланың шырылдаған дауысын естіген ол, жабулы қалған үй есігін жұлқылап ашады. Ақыры үйге кіріп, қою түтіннің ортасынан 4 жасар баланы сыртқа алып шыққан. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер қаршадай қыздың қайсарлығына таң қалды.

Зейнеп Қабылбек, оқушы:

-Баланы көтеріп үйге келіп, сүт бердім. Құсты ол біраз. Сосын жатқызып ұйықтаттым. Өрт сөндірушілер келіп, жедел жәрдем шақырды.Біреу менің орнымда болса көмектесуші еді. Балаға енді өмір сүру керек қой.