Астана және Ақмола облысы білім беру қызметкерлерінің кәсіподағы басшысы 18 млн теңге жымқырған - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана және Ақмола облысы білім беру қызметкерлерінің кәсіподағы басшысы 18 млн теңге жымқырған

Астана және Ақмола облысы білім беру қызметкерлерінің кәсіподағы басшысы 18 млн теңге жымқырған

Көкшетау соты Астана және Ақмола облысының білім беру қызметкерлері кәсіподағының бұрынғы басшысы Сәуле Досанованы қомақты қаражатты талан-тараж етті деп таныды.

  • 24 Ақпан 2015
  • 648
Фото - Caravan.kz


Облыстық сот баспасөз қызметінің хабарлауынша, күдікті жеті жарым жылға бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленетін болды.
Сонымен қатар, сот кәсіподақтың бұрынғы басшысын бес жылға дейін мемлекеттік, т.б. ұйымдарда басшылық және басқа да лауазымды қызмет түрлерін атқару құқығынан айырылды.
С.Досановадан «Астана қаласы мен Ақмола облысының білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» ҚБ-не 17 млн 777 мың 154 теңге өндіріп алынды.
Іс материалдарына сүйенсек, сотталушы 2013 жылдың сәуір-желтоқсан айлары аралығында қызмет бабын пайдаланып, кәсіподаққа тиесілі 14 млн 267 мың 664 теңге мен 4,5 млн теңге тұратын автокөлікті иемденіп алған.