«Ел ішінде 1 млн 40 мың адам қоныс аударған. Бірақ олардың бәрі бірдей билік органдарына барып тіркеле бермейді», — делінген БҰҰ Босқындар ісі жөніндегі агенттік хабарламасында.
Халықтың тіркелмеуінің бір себебі – әскерге жарамды ер-азаматтардың соғысқа қатысқысы келмейтіні және тіркеу тәртібі туралы мәліметтің тапшылығы.
Агенттік өкілдері ел ішінде көшіп-қонған босқындарға арнап контейнерден баспана салуға болмайды деп есептейді.
«Біз контейнерге қарсы емеспіз. Бірақ, кейін оны ондаған жыл бойы ала алмай әлек боласыздар. Өйткені, контейнерлер су, жылу т.б. жүйелерге қосылады», — дейді агенттік төрағасы В.Коштель.