Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды.
«Мемлекет басшысының Өкімдерімен:
Ғабит Жақыпбайұлы Байжанов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі директорының бірінші орынбасары қызметінен;
Дина Мэлсқызы Шәженова Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды», делінген хабарламада.