Ауа-райы аяқ асты жылынған жағдайда Орал қаласының бір бөлігін су шайып кету мүмкін. Айналадағы елдімекендер де қауіпті аймаққа кіріп отыр. Өйткені, Жайық, Шаған, Деркөл өзендерін есептемегенде, биыл батыс өңіріне қар мөлшерден әлдеқайда жауған. Қазір коммуналдық қызмет пен құтқарушылар тобы аяқтан тік тұрып, қауіпсіздік шараларын күшейтуде.
Қазбек Кенжеғалиев, «Қазсушаруашылығы» РМК БҚО бөлімшесінің директоры:
-Болжамның аты-болжам. Тұспалға сеніп қарап отыра алмаймыз. Кез-келген сәтте күн райы өзгеріп шыға келуі мүмкін. Сондықтан, су тасқынына алдын ала дайындалып, сақадай сай отырмыз.