Таразда үйлерді су басып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Таразда үйлерді су басып жатыр

Таразда үйлерді су басып жатыр

Тараз қаласының іргесіндегі үйлерді тағы су басты. Биыл әдеттегіден ерте көтерілген жер асты суы тұрғындарды әлден-ақ әурелеп жатыр. Мұның салдарынан қора-қопсылар құлап, үйлердің іргетасы зақымдалған.

  • 25 Ақпан 2015
  • 237
Фото - Caravan.kz

Көктеммен қабаттаса келетін бұл келеңсіздік әбден жұрттың жүйкесін жұқартып бітті. Қар ерісімен аулаларда пайда болған көлшік жерге сіңбейді. Жиналған судың кесірінен жұртқа бау-бақша егу 10 жылдан бері арманға айналған. Баспаналардың да жайы мәз емес. Ішін сыз тартып, іргетасы үгітілуде. Бұқара бұл жағдайды дренаж жүйесінің болмауымен байланыстырса, билік өкілдерінің одан хабары да болмай шықты. Шенеуніктер мәселені тілшілерден естігенімен, оған жауап беруге уақыт таппай қиналды. Ал, атқамінерлердің уәдесіне әбден тойған тұрғындар, өздері «Венеция» атап кеткен мекеннен көшуден басқа амалымыз жоқ деп отыр.

Тәліп Сайыпов, Тараз қаласының тұрғыны:

— 2005 жылдан бері көрген азап осы.  Дымқылданып кетті үй. Суық.  Қанша тонна көмір жағамын, ысытпайды. Екі жылда бір мәрте полын ауыстырамыз.