Осы эпидемиологиялық маусымның басынан бері еліміз бойынша 400 мыңнан астам адам жедел респираторлық вирустық инфекция жұқтырса, тұмаумен ауырғандар саны 693 адамды құрап отыр. Олардың 70 пайызы – 14 жасқа дейінгі балалар. Қазір барлық аймақтарда тұмаудың А1, А3 және В түрлері күннің жылынуына байланысты өрши түскен. Дәрігерлер жұрт алдамшы ауа-райына сенбей жылы киініп, өз денсаулығын күткені дұрыс дейді. Былтырғы қазан айынан бастап 1 млн 700 мың адамға егу жұмыстары жүргізілген екен. Бұл жылдағы көрсеткішпен салыстырғанда 20 пайызға артық. Бірақ соған қарамастан дертке шалдыққандар саны азая қоймады. Бұл, әсіресе, Алматыда қатты байқалып тұр.
Аяужан Ақпанова, Алматы қалалық тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің маманы:
–133 жағдай тіркеліп отыр тұмау бойынша. Оның ішінде 121 жағдай «А» түрі, қалған 12-і «В» түрі. Қалада әрбір 2-3 жылда тұмау ауруы бойынша эпидемиологиялық жағдайдың өршігендігі байқалады.