Жаңаөзенде вакцина салу ісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жаңаөзенде вакцина салу ісіне  қатысты қылмыстық іс қозғалды

Жаңаөзенде вакцина салу ісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Ал Маңғыстау облысында қызылшаға қарсы екпеден оқушылар мен студенттердің зардап шегу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Маңғыстау облыстық ішкі істер департаменті ақ халаттыларға фармацевтикалық және медициналық кәсіби міндетіне салғырт қарады деген айып тағып отыр.

  • 25 Ақпан 2015
  • 222
Фото - Caravan.kz

Әзірге сот алдында кімдер жауап беретіні белгісіз. 16 мен 19 жас аралығындағы жеткіншектерге салынған вакцинадан сынама және осы екпе естерінен тандырған балалардан қан алынып, сот медициналық сараптама тағайындалды. Жаңаөзенде қызылшаға қарсы вакцинадан кейін ауруханаға түскендер саны бүгінде 104-ке жетті. Соның 16-сы Ақтаудағы облыстық ауруханаға жеткізілген болатын. Ата-аналар екпеден соң арада тура бір апта өтсе де қыздарының денесі құрысып, жиі естерінен танып қалып жатқанын айтады. Ал, атышулы вакцинаға тағайындалған сараптама қортындысы тек 2 аптадан соң дайын болмақ.